2014 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 46 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 ақпанда № 4434 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімі аппаратының 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 07-09/31 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімі аппаратының 08.01.2015 № 07-09/31 хаты).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2) тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (бір жыл және одан да көп);
      елу жастан асқан адамдар;
      жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органының жолдамасы бойынша кәсіптік даярлауды және (немесе) қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды аяқтаған жұмыссыздар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмi орынбасарының міндетін атқарушы Е.Н. Тұрабековқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкiмi                                Э. Күзенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады