Қосарал ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 22 "Қосарал селолық округінің Төрағаш селосының құрамдас бөліктердің атауы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 5 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 маусымда № 4851 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 10 қарашадағы № 3 шешімімен

      Ескерту. жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің 10.11.2015 № 3 шешімімен (қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қантардағы Заңына сәйкес, Қосарал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қосарал ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 22 "Қосарал селолық округінің Төрағаш селосының құрамдас бөліктердің атауы туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-89 тіркелген, 2009 жылғы 22 қаңтарда "Федоровские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабына сәйкес, Төрағаш селосы тұрғындарының пікірін ескере отырып Қосарал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
      шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосының", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылының", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген шешімнің қосымшасында мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селосының", "селолық" деген сөздер тиісінше "ауылының", "ауылдық" деген сөздермен ауыстырылып өзгерістер енгізілсін;
      орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.

      Қосарал ауылдық округінің әкімі            О. Зубкова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады