Облыстық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін анықтау туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 211/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 03 шілдеде № 3865 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі N 215/7 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 17.07.2015 N 215/7 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған облыстық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі анықталсын.
      2. "Павлодар облысы қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

  Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы "23" маусымдағы
№ 211/6 қаулысына
қосымша

Облыстық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік
жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау
ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі

      1. Осы есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленген және облыстық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін анықтайды.
      2. Облыстық коммуналдық мүлік объектілерін (тұрғын емес қорын) мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының жылдық есебі келесі формула бойынша есептеледі:
      Ап = Бс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
      мұндағы:
      Бс – базалық ставка:
      1) тиісті жылға Павлодар облысының аумағында бір жылға Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген 2,0 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
      S – жалға берілетін алаң, шаршы метр;
      Кт – құрылыс түрін ескеретін коэффициент;
      Кк – тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
      Кск – қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
      Кр – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
      Квд – Жалға алушы қызметінің түрін ескеретін коэффициент;
      Копф – жалға алушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
      Облыстық коммуналдық мүліктің теңгерім ұстаушысы Жалға алушы алып отырған үй-жайлар өлшемдерінің үй-жайлардың өлшемдеріне сәйкес болуын қамтамасыз етеді.
      3. Облыстық коммуналдық мүлік объектілері үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу кезінде қолданылатын коэффициенттер:

Р/с №
Коэффициенттер түрі
Коэффициент мөлшері
1
Құрылыс түрін ескеретін коэффициент (Кт):
 
 
1.1 әкімшілік
1,0
 
1.2. өдірістік
0,8
 
1.3 қоймалық, гараждық, қазандық
0,6
2
Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент (Кк):
 
 
2.1. жеке тұратын құрылыс
1,0
 
2.2. салынған-жалғай салынған бөлігі
0,9
 
2.3. жертөле (жартылай жертөле) бөлігі
0,7
 
2.4. жертөле бөлігі
0,6
3
Қолайлық дәрежесін ескеретін коэффициент (Кск):
 
 
3.1. барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшін қандай да бір коммуникация түрі болмаған кезде әрбір түрі үшін 0,1-ге азаяды
1,0
4
Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Кр):
 
 
4.1. облыс орталықтары үшін
2,0
 
4.2. облыстық маңызы бар қалалар үшін
1,5
 
4.3. аудан орталығы үшін
1,0
 
4.4. кент, ауыл
0,5
 
4.5. демалыс аймағы
1,0
5
Жалға алушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Квд):
 
 
5.1. тұрғындарға қызмет көрсету үшін банктердің есеп айырысу-кассалық орталықтары, "Қазпочта" АҚ, банкоматтар, мультикассалар, терминалдар
2,5
 
5.2 делдалдық қызмет және кедендік қызметтер көрсету, айырбастау пунктері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер, сонымен қатар радио байланысы, ұялы байланыс қызметтерін көрсететін ұйымдар үшін
3,0
 
5.3. қонақ үй, сауда қызметтерін ұйымдастыру үшін
2,5
 
5.4. қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру үшін
1,5
 
5.5 мынадай:
ғылым және жоғары білім
орта білім
мектепке дейінгі білім саласындағы қызметтерді ұйымдастыру үшін
1,1
0,9
0,8
 
5.6. денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласындағы қызметтерді ұйымдастыру үшін
1,0
 
5.7. қызметкерлердің тамақтануын ұйымдастыру, өткізу жүйесі бар (шекті қол жеткізу) республикалық және коммуналдық заңды тұлғалардың ғимараттарында тұрмыстық қызметтер көрсету, сонымен қатар оқу орындарында асханалар және буфеттер үшін
0,4
 
5.8 5.1-5.7-тармақтарында көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, қызмет түрлері үшін
1,9
6
Жалға алушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф)
 
 
6.1. сауда-делдалдық қызметтен басқа, өндірістік қызмет ұйымы және тұрғындарға көмек көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілер үшін
0,9
 
6.2. мемлекеттік акциялар пакетін иеленуді және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекет-тік органның жазбаша растауы ұсынылған жағдайда, елу және одан көп акциялар пайызы (қатысу үлестері) бар және бюджеттік бағдарламалардың орындалуынан 90 пайызынан кем емес табыс алатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін
0,8
 
6.3. қайырымдылық және қоғамдық ұйымдар, коммерциялық емес ұйымдар үшін
0,5
 
6.4. қалғандары үшін
1,0

      4. Жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысының есебі осы формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап = С х Nam /100 х Кп,
      мұндағы:
      Ап – жабдыққа, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін бір жылға жалдау ақысының мөшерлемесі;
      С – бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтың қалдық құны;
      100 пайыз тозуы есепке алынған жабдықтарды, көлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтірілген) құны 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
      Nam – Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 120-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары (Салық кодексі);
      Кп – төмендету коэффициенті (алпыс пайыздан аса жабдықтар, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттардың тозуы кезінде - 0,8 мөлшерінде сауда-саттық (делдалдық) қызметтен басқа халыққа қызмет көрсету саласын дамыту және өндірістік қызметті ұйымдастыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ұсыну кезінде - 0,5 мөлшерінде қолданылады).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады