Павлодар облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2015 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 302/37 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 желтоқсанда № 4232 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 487-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі «Су кодексінің» 38-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2009 жылғы 14 сәуірдегі «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» № 223 бұйрығына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2015 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Оспанова
      Облыстық мәслихаттың хатшысы В. Берковский

  Облыстық мәслихаттың
(V сайланған (ХХХVII
cессиясы)
2014 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 302/37 шешімімен
бекітілген

Павлодар облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын
пайдаланғаны үшін 2015 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері


Р/с №

Арнайы су пайдалану түрлері

Өлшем
бірлігі

Мөлшерлемелер

теңге

1

2

3

4

1

Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер

1000 текше метр

92,07

2

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса алғанда (өндірістік қажеттіліктер)

1000 текше метр

529,06

3

Ауыл шаруашылығы

1000 текше метр

149,06

4

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары 

1000 текше метр

149,06

5

Су көздерінен балық аулайтын балық шаруашылығы, тұтынушылар

тонна

374,14

6

Су көліктері

1000 тонна шақырым

20,46


      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады