Павлодар қаласында жас отбасылар үшін Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісінің тұрғын үй бағыты бойынша - "Қолжетімді тұрғын үй - 2020" Бағдарламасына қатысушыларды іріктеу және оларға тұрғын үй беру кезектілігінің тәртібін анықтау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 04 қарашадағы № 1433/13 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 04 желтоқсанда № 4205 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы N 108/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 30.01.2015 N 108/2 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» Бағдарламасын бекіту туралы» № 821 қаулысына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Павлодар қаласында жас отбасылар үшін Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісінің тұрғын үй бағыты бойынша - «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» Бағдарламасына қатысушыларды іріктеу және оларға тұрғын үй беру кезектілігінің тәртібі анықталсын.
      2. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі Б. Бақауов

  Павлодар қаласы әкімдігінің
2014 жылғы «04» қарашадағы
№ 1433/13 қаулысына
қосымша

Павлодар қаласында жас отбасылар үшін Қазақстан тұрғын үй құрылыс
жинақ банкі желісінің тұрғын үй бағыты бойынша – «Қолжетімді
тұрғын үй – 2020» Бағдарламасына қатысушыларды іріктеу
және оларға тұрғын үй беру кезектілігінің тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Павлодар қаласында жас отбасылар үшін Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісінің тұрғын үй бағыты бойынша «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу және оларға тұрғын үй беру кезектілігінің тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысымен бекітілген «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) сәйкес белгіленеді.
      2. Тәртіпте келесі негізгі түсініктер пайдаланылады:
      1) Тұрғын үйді іске асыру жөніндегі уәкілетті орган – «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
      2) Жас отбасы – бұл кемінде екі жыл некеде тұрған және ерлі-зайыптылардың екеуі де 29 жасқа толмаған жас отбасы (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтке), сондай-ақ балаларын (баласын) 29 жасқа толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір ата-ананың біреуі тәрбиелейтін толық емес отбасы.

2. Жас отбасылар үшін Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі
желісінің тұрғын үй бағыты бойынша тұрғын үйді беру тәртібі

      3. Бағдарламаға қатысуға өтініштерді қабылдау «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкелетті орган) жалгерлік тұрғын үйді пайдалануға беруді жүргізгенге дейін 6 айдан кем емес уақытта басталады.
      Бағдарламаға қатысуға үміткерлер толықпаған жағдайда уәкілетті орган өтініштерді қабылдау мерзімін ұзартуға құқылы.
      4. Бағдарламаға қатысу үшін өтініштер қабылданған кезде уәкілетті органмен өтініш иелерінің Бағдарламада белгіленген талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізіледі:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы не оралман мәртебесінің болуы;
      2) тіркелген некесінің кезеңі отбасының толық еместігін қоспағанда өтініш берген кезеңде 2 жылдан кем болмауы;
      3) Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде ерлі-зайыптылардың екеуі де 29 жасқа толмаған болуы не балаларды (баланы) 29 жасқа толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір ата-ананың біреуі тәрбиелеп отырған толық емес отбасы болуы;
      4) Бағдарламаға қатысушы тұрғын үй алуға үміттенуші қатысушының елді мекенде тіркеуде болуы;
      5) Бағдарламаға қатысушының және онымен бірге тұрақты тұратын оның отбасы мүшелерінің (жұбайы, кәмелет жасқа толмаған балалары), сондай-ақ өтініште көрсетілген отбасы құрамына қосылған және отбасының басқа мүшелерінің меншік құқығында немесе Қазақстан Республикасының аумағында кейіннен сатып алу құқығымен жалдау тұрғын үйінің болмауы;
      6) Бағдарлама қатысушыларының және онымен тұрақты түрде бірге тұратын оның отбасы мүшелерінің (жұбайы, кәмелетке жасқа толмаған балалары), сондай-ақ отбасы құрамына қосылған және өтініште көрсетілген отбасының басқа мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 (бес) жылда оған меншік құқығына тиесілі тұрғын үй-жайды ауыстыру немесе тұрғын үйді иеліктен шығару жолымен тұрғын үй жағдайларын қасақана төмендету фактілерінің болмауы;
      7) өтініш берердің алдындағы соңғы 6 (алты) ай ішінде отбасының ай сайынғы жиынтық таза табысы (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және басқа да аударымдарды есептемегенде), мынадай шекте:
      а) ең төменгі – төменгі күнкөріс деңгейінің 3 есе мөлшері;
      б) ең жоғарғы – төменгі күнкөріс деңгейінің 12 есе мөлшерінен артық емес.
      5. Тұрғын үйлерді 4 санат бойынша бөлу кезектілігі жинақталған балл санына қарай анықталады (балл санының көптігіне сай). Үміттенушілердің балл саны тең болған жағдайда шешімі көпшілік дауыспен тұрғын үй комиссиясымен анықталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады