Қылмыстық-атқару инспекциясында пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 05 мамырдағы № 335/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 мамырда № 3814 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы N 22/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 11.01.2016 N 22/1 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 21–бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, қылмыстық-атқару инспекциясында пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларының, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларының және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерінің жұмыспен қамтылуына және қабылдауына жәрдемдесу мақсатында, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Меншік нысандарына қарамастан Ақсу қаласының ұйымдарындағы жұмыс орындарының жалпы санының екі пайыз мөлшерінде:
      қылмыстық-атқару инспекциясында пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалар, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар;
      интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленген квотаға сәйкес қылмыстық-атқару инспекциясында пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларды, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімінің
      міндетін атқарушы Б. Ыбыраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады