Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Атаулы және мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 216/27 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 қазандағы № 284/33 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 қарашада № 4196 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 32/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 28.04.2021 № 32/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы, 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Екібастұз қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Атаулы және мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 216/27 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3791 тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырдағы № 18 "Отарқа" газетінде, 2014 жылғы 7 мамырдағы № 18 "Голос Экибастуза" газетінде жарияланды), келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақтың он екінші абзацындағы "Мүгедектер күніне орай" сөздері "Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне орай" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени дамыту мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Е. Шаихов

Қалалық мәслихат хатшысы

Б. Құспеков

"КЕЛІСІЛДІ"


Павлодар облысының әкімі


2014 жылғы "7" қараша
Қ. Бозымбаев



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады