Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир ауданы Федоровка ауылдық округ әкімінің 2014 жылғы 21 ақпандағы N 5 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 ақпанда N 3714 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Качиры ауданы Федоровка ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 13 тамыздағы N 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качиры ауданы Федоровка ауылдық округі әкімінің 13.08.2014 N 8 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Качир ауданы Федоровка ауылдық округінің Федоровка ауылындағы кадарстрлық нөмірі N 14-208-033-155, жер учаскесінің көлемі 7,2852 га аумағындағы ауыл шаруашылық малдардың құтырумен ауыру фактісі бойынша шектеу белгіленсін.
      2. "Качир ауданының ветеринария бөлімі" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Качир аудандық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Павлодар облысы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті Качир ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринарлық-санитарлық ахуалды қамтамасыз ету үшін тиісті ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды жүргізсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Федоровка ауылдық округінің
      әкімі                                      Е. Құстаулетов

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Качир ауданының ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы                                    А. Загравский
      2014 жылғы 21 ақпан

      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Качир
      аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы                                    С. Сәрсенов
      2014 жылғы 21 ақпан

      "Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      Павлодар облысы бойынша мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау департаменті Качир
      ауданы бойынша мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің
      басшысы                                    Т. Тыртықаев
      2014 жылғы 21 ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады