Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 14/40 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 қазанда № 4118 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 1/60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 23.06.2020 № 1/60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Май ауданының ауылдық елдi мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жыл сайын бір жолғы әлеуметтік көмек 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрайымы

А. Жетыбаева

Май аудандық мәслихатының
хатшысы

Ғ. Арынов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады