Жекелеген санаттағы алушыларға мерекелік және атаулы күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 174/35 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 сәуірде № 3775 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 28/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 12.04.2021 № 28/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысының 10-тармағына сәйкес Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек атаулы күндерге және мерекелік күндерге келесі мөлшерлерде белгіленсін:

      1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай:

      зейнетақының, жәрдемақының ең төменгі мөлшерін алатын немесе зейнетақының, жәрдемақының ең төменгі мөлшерінен төмен алатын, зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтарға, атап айтқанда:

      80 жастағы және жасы үлкен зейнеткерлерге 2,9 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде;

      қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының мүгедектер күніне орай:

      18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, 1, 2 топтағы мүгедектерге 2,3 АЕК мөлшерінде;

      9 мамыр – Жеңіс күніне орай:

      Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі - ҰОС) қатысушыларына және мүгедектеріне 500000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде, сонымен қоса 5 АЕК мөлшерінде азық-түлік жиынтығы;

      ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген тұлғалар санаттарына 10 АЕК мөлшерінде;

      1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін 6 айдан кем емес жұмыс істеген (қызмет еткен) және қайсар еңбегі мен ҰОС кезінде тылда мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ордендары және медальдарымен марапатталмаған тұлғаларға 5 АЕК мөлшерінде;

      Ауғанстандағы соғыс әрекеттеріне қатысқан адамдарға 50000 (елу мың теңге) мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы аварияны жоюға қатысқан тұлғаларға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 27.10.2014 № 217/40 (жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 23.02.2015 № 231/42 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 06.05.2019 № 216/46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.07.2019 № 224/48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      2. Успен аудандық мәслихатының (V сайланған ХХХІІ кезектен тыс сессиясы) 2014 жылғы 31 наурыздағы "Жекелеген санаттағы алушыларға мерекелік және атаулы күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 2014 жылдың 21 сәуірінде № 3766 болып тіркелген, 2014 жылдың 25 сәуірінде № 17 "Апта айнасы", 2014 жылдың 25 сәуірінде № 17 "Сельские будни" аудандық газеттерінде жарияланған) № 142/32 шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің жүзеге асырылуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е. Горбатюк
      Аудандық мәслихат хатшысы Р. Бечелова
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Павлодар облысы әкімінің
      міндетін атқарушы Д. Тұрғанов
      2014 жылғы "18" сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады