Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 4 шілдедегі N 3/549 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2014 жылғы 31 шілдеде N 1075 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 2/247 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 03.02.2021 № 1/76 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 1 тармағының 32-2) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Алматы қаласының әкімі

А. Есімов


  Алматы қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 4 шілдедегі N 3/549
қаулысына қосымша

Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражатының
есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының
тізбесі

      Жануарлардың бірнеше түрлерінің ортақ аурулары: лептоспироз, листериоз, пастереллез, қарасан.

      Жылқылардың аурулары: жылқы тұмауы, сақау ауруы.

      Шошқалардың аурулары: шошқа тілмесі.

      Етқоректілердің аурулары: танау мен кеңірдектің жұқпалы ауруы.

      Құстардың аурулары: Ньюкасл ауруы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады