Петропавл қаласының нысаналы топтарының тізбесін анықтау және нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі N 586 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 мамырда N 2781 болып тіркелді. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің аппарат басшысы 2015 жылғы 10 наурыздағы N 16.6.7/464 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің аппарат басшысы 10.03.2015 N 16.6.7/464 хаты).
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына, 7-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылға арналған Петропавл қаласы тұрғындарының нысаналы топтарының келесі тізбесі анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бip жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі есебіне алынған тұлғалар.
      2. 2014 жылға арналған Петропавл қаласы халқының нысаналы топтарына жататын адамдардың мынадай қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт жұмыс істемеген тұлғалар (бір жылдан астам);
      2) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастарды қоса;
      3) елу жастан асқан тұлғалар;
      4) уақытша және маусымдық жұмыстардың жұмыс шарттарының мерзімдері аяқталған тұлғалар.
      3. "Петропавл қаласы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғаларының қосымша тізбесін белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 17 наурыздағы № 308 қаулысының күші жойылды деп танылсын (2010 жылғы 23 сәуірдегі нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде тіркелген № 13-1-177, 2010 жылғы 21 мамырдағы "Қызылжар нұры" № 23(285), 2010 жылғы 21 мамырдағы "Проспект СК" № 22 (332) газеттерінде жарияланған).
      4. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі нысаналы топтарға қосымша енгізілген тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды уақытында қамтамасыз етсін.
      5. jҚаулының орындалуын бақылау осы саланы басқаратын қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Петропавл қаласының әкімі

Т. Закариянов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады