Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Таман ауылдық округі Майбалық ауылында шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Таман ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 16 шілдедегі N 7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 тамызда N 2911 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Таман ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 07 желтоқсандағы N 07 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Таман ауылдық округі әкімінің 07.12.2015 N 07 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес, "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Таман ауылдық округі Майбалық ауылының аумағында жылқылардың ринопневмония ауруы бойынша шектеу іс-шараларының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2014 жылғы 25 маусымдағы № 12-11/180 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Таман ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Таман ауылдық округі Майбалық ауылында жылқылардың ринопневмония ауруын айқындауына байланысты шектеу іс-шараларының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Шектеу іс-шараларының ветеринариялық режимі ошақтарын жою жөніндегі ветеринарлық іс-шаралардың кешенін өткізу мерзіміне белгіленеді.
      3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Таман ауылдық
округінің әкімі
Г. Ветер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады