Тайынша қаласы 50 лет Октября көшесі 11 "А" мекенжайы бойынша орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорынан 50-пәтерлі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 13 ақпандағы N 71 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 наурызда N 2609 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № 272 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 03.08.2017 № 272 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 31 бабы 1 тармағы, 2) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабы 1 тармағына, "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы Бұйрығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Тайынша қаласы 50 лет Октября көшесі 11 "А" мекенжайы бойынша орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорынан 50-пәтерлі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің өнеркәсіп, құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 ақпанынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі С. Салтықов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Солтүстік Қазақстан облысы
      Тайынша ауданының тұрғын
      үй-коммуналдық шаруашылық,
      жолаушылар көлігі және
      автомобильдік жолдар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Қожабергенов
      13 ақпан 2014 жыл
      "Солтүстік Қазақстан облысы
      Тайынша ауданының экономика
      және қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Б. Сәрсембаев
      13 ақпан 2014 жыл

  Аудан әкімдігінің
2014 жылғы 13 ақпандағы № 71
қаулысына қосымша

Тайынша қаласы 50 лет Октября көшесі 11 "А" мекенжайы бойынша орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорынан 50-пәтерлі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері

      Кондоминимум объектісінің құрамына кірмейтін, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақы мөлшерін есептеген кезде, келесі көрсеткіштер қолданылады:

      А-кондоминимум объектісінің құрамына кірмейтін, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақы мөлшері (айына 1 шаршы метр үшін теңгеде);

      Ц-тұрғын үйдің жалпы алаңы құрылысының (сатып алуының) бір шаршы метрінің құны (теңге);

      Т-ғимараттың қызмет етуінің есептік мерзімі (жыл);

      Р-тұрғын үйді күтіп ұстау үшін қажетті төлемдердің сомасы (тұрғын ғимараттың) (айына бір шаршы метр үшін теңгеде);

      Тұрғын үйдің жалпы алаңы құрылысының (сатып алуының) бір шаршы метрінің құны (Ц) ғимараттың құрылысына жобалық-сметалық құжаттамасына сәйкес және мемлекеттік сатып алулардың нәтижелері бойынша анықталады.

      Ғимараттың қызмет етуінің есептік мерзімі (Т) "Тұрғын және қоғамдық ғимараттарының қайта құрылымдауы, күрделі және ағымдағы жөндеуі" 1.04-26-2011 ҚР ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.

      Кондоминимум объектісінің құрамына кірмейтін, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын бір шаршы метр үшін төлемақының мөлшері, формула бойынша есептер:

      А= Ц/Т/12+Р

      Ц=319924000 теңге ("Мемсараптама" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның 2012 жылғы 18 шілдедегі № 17-0408/12 қорытындысына сәйкес құрылыстың құны/ 3622,5 ш2 (техникалық төлқұжатт мәліметтеріне сәйкес үйдің жалпы алаңы) = 88315,8 тұрғын үйдің бір шаршы метр құрылысының құны (теңге).

      Т-125 жыл (кірпіш ғимараты үшін, 1.04-26-2004 ҚР ҚН)

      Р=0 тенге

      А=88315,8 / 125 / 12+0 = 58,88 теңге

      Тайынша қаласы 50 лет Октября көшесі 11 "А" мекенжайы бойынша орналасқан кондоминимум объектісінің құрамына кірмейтін, мемлекеттік тұрғын үй қорынан 50-пәтерлі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері, айына бір шаршы метрі үшін 58,88 теңгені құрайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады