2014 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 175 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 тамызда N 2898 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 4-тармағы 8-1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген 2014 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.     
 
 

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Уәлиханов ауданының әкімі

                      А. Төрегелдин


Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 30 маусымдағы
№ 175 қаулысымен
бекітілген

2014 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
 

Балабақша мен мектепке дейінгі мекемелердің атауы
 

Мемлекеттік білім беру тапсырысы, орын саны

Айына жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі, теңге

Айына ата-ананың ақы төлеу мөлшері, теңге

Республикалық бюджеттен қаржыландырылған Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің «Балдәурен» бала бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
 

250

24540

3 жасқа дейін 4000
3 жастан 4500

Аудандық бюджеттен қаржыландырылған «Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігі «Күншуақ» бала бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
 

150

17354

3 жасқа дейін 4000
3 жастан 4500

Республикалық бюджеттен қаржыландырылған мектепге дейінгі шағын орталықтар

366(републикалық)

14592

3 жасқа дейін 3332
3 жастан 3332

Аудандық бюджеттен қаржыландырылған мектепге дейінгі шағын орталықтар

149 (жергілікті)

13936

3 жасқа дейін 3560
3 жастан 3560

Барлығы:


70422

-

   
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады