Атырау облысы, Жылыой ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 19-5 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 мамырда № 2910 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 қазандағы № 24-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 24.10.2014 № 24-2.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бап 5 тармағына және аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы ХVII сессиясының № 17-3 "2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Атырау облысы, Жылыой ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен 5000 (бес мың) теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына (Б. Сұлтановқа) жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудандық мәслихаттың ХІХ
      сессиясының төрайымы
      Аудандық мәслихат хатшысы

С. Мәмбетова
М. Кенғанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады