Аудан әкімінің 2012 жылғы 11 қазандағы № 19 "Махамбет ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 32 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 желтоқсанда № 3065 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің 21.01.2019 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Махамбет ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Махамбет ауданы әкімінің 2012 жылғы 11 қазандағы № 19 "Махамбет ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2626 болып тіркеліп, аудандық "Жайық шұғыласы" газетінің 2012 жылғы 18 қазанында жарияланған) шешімінің қосымшасына келесідей өзгерістер енгізілсін:

      мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селосы", "селолық" деген сөздер "ауылы", "ауылдық" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау "Махамбет ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Қалиевқа жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Жаңабаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады