Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 199-V шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 шілдеде № 2949 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 280-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 18.09.2015 № 280-V шешімімен (қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Үйде оқитын мүгедек балаларға ай сайын 2,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық қамсыздандыру тағайындалсын.
      2. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік, құқықтық қорғау, заңдылық, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, жастар ісі және депутаттық этика жөніндегі тұрақты комиссиясына (К. Нұрманова) жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      ХХІІІ сессиясының төрағасы                Д. Төреғалиев

      Аудандық мәслихат хатшысы:                Ж. Кадимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады