Индербор кенті аумағында карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индербор кенті әкімінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 29 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 08 сәуірде № 2885 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Индербор кенті әкімінің 2014 жылғы 10 маусымдағы № 56 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индербор кенті әкімінің 10.06.2014 № 56 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Индер аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2014 жылғы 21 ақпандағы № 4-5/50 санды ұсынысына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Индербор кенті аумағында ұсақ малдар арасында құтыру ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Индер аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Индер аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Индербор кенті әкімі Б. Нұрғали

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының
      "Индер аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық
      жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік
      кәсіпорнының бас дәрігері А. Доспаева

      28 наурыз 2014 жыл.
      "Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау агенттігінің Атырау облысы
      тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің
      Индер аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау
      басқармасы" республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Ш. Ержанова

      28 наурыз 2014 жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады