Арыс қалалық мәслихатының 2009 жылғы 5 қарашадағы № 25/158-ІV "Ауылдық елді мекендерде тұратын мамандарға әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 36/213-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 қаңтарда № 2963 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2017 жылғы 24 наурыздағы № 11/78-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 24.03.2017 № 11/78-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 5 тармағына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Арыс қалалық мәслихатының 2009 жылғы 5 қарашадағы № 25/158-ІV "Ауылдық елді мекендерде тұратын мамандарға әлеуметтік көмек беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-2-84 тіркелген, 2009 жылғы 26 желтоқсанда "Арыс ақиқаты" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына отын сатып алу үшiн жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен 2 (екi) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде әлеуметтік көмек берiлсiн.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қалалық мәслихат сессиясының
      төрағасы, мәслихат хатшысы Т.Тулбасиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады