Отырар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 16 тамыздағы № 17/103-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы № 23/138-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 наурызда № 2587 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 шілдедегі № 3/19-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 11.07.2016 № 3/19-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасында қаржы нарығының тұрақсыздануына байланысты аз қамтылған отбасыларын әлеуметтік тұрғыда қолдау мақсатында 2014 жылы қосымша материалдық көмек көрсету үшін, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Отырар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 16 тамыздағы 17/103-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2378 нөмірімен тiркелген, 2013 жылғы 27 қыркүйектегі "Отырар алқабы" газетiнде жарияланған) шешiмiне келесі өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген шешiммен бекiтiлген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
      9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "9. Әлеуметтік көмек мынадай санаттағы азаматтарға ұсынылады:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне біржолғы 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдарға, біржолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
      2) күтім көрсетуге мұқтаж сексен жастан асқан қарттарға, жол жүрумен байланысты шығындарын өтеуге, ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
      3) үйде оқып және тәрбиеленіп жатқан мүгедек балаларға ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
      4) жеке оңалту бағдарламасы бойынша мүгедектерге қоларбамен қамтамасыз етуге:
      серуендеуге арналған қоларбаға 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
      бөлмеге арналған қоларбаға 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
      мүгедек балаларға 25 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне дейін;
      5) зейнеткерлер мен мүгедектерге шипажай немесе оңалту орталықтарына жолдама үшін, біржолғы 37 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;
      6) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына бiржолғы 22 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне дейін;
      7) өмірлік қиын жағдайларға ұшыраған азаматтарға бiржолғы 300 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне дейін;
      8) халықтың аз қамтамасыз етілген бөлігін қолдау мақсатында, Ұлттық валюта курсының төмендеуі орын алған айдан бастап үш ай мерзімде отбасыға ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету. Әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап үш айға тағайындалады және ай сайын төленеді.
      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
      3) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста алпыс пайызынан аспайтын табыстың болуы.
      Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтар бір ай мерзім ішінде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру қажет.
      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Б.Байымбетов
      Аудандық мәслихат хатшысы Б.Зұлпыхаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады