2014 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 567 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қазанда № 2834 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1741 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 19.12.2014 № 1741 хатымен).
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша Түлкібас ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Жанесенге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 5 қазаннан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі Қ. Абдуалиев

  Түлкібас ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 567 қаулысына қосымша

2014 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша Түлкібас ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері



Дақылдар түрі
Оңтайлы себу мерзімдері
Ескертпе
басталуы
аяқталуы
1
Бидай
5.10.2014 ж.
5.11.2014 ж.
Егістік және
суармалы жерлер

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады