Түлкібас ауданының елді мекендеріндегі жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық ставкаларын жоғарылату туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33/10-05 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 қазанда № 2839 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 36/13-05 шешімімен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түлкiбас аудандық мәслихатының 23.12.2014 № 36/13-05 шешiмiмен.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 381 бабына, 387 бабының 1 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 15 тармақшасына сәйкес Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Түлкібас аудандық мәслихатының 2013 жылғы 21 тамыздағы № 18/4-05 шешімімен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2379 нөмірмен тіркелген) Түлкібас ауданының елді мекендеріндегі жерлерді аймақтарға бөлу схемасы негізінде, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 381 бабында белгіленген елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын жер салығының базалық ставкалары жоғарылатылсын:
      1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 және 13 аймақтарда, автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда 50 пайызға.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат сессиясының
      төрағасы С.Қасымбек
      Аудандық мәслихаттың хатшысы А.Сапаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады