2014 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қаңтардағы № 10 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 6 ақпанда № 2521 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімі аппаратының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 03-145 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімі аппаратының 23.01.2015 № 03-145 хатымен).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 30.07.2014 № 346 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Байтұрғановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                К.Айтуреев

Шардара ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 15 қаңтардағы
№ 10 қаулысына қосымша

2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері

қ/с

Ұйымдардың атауы

Жылына қоғамдық жұмысшыларға сұраныс, адам

Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері

Қаржыландыру көздері

1

«Шардара қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

68

Қаланы абаттандыру және көгалдандыру 5000 шаршы метр

Аудандық бюджет

2

«Қауысбек Тұрысбеков ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

17

Ауылды абаттандыру және көгалдандыру 1500 шаршы метр

Аудандық бюджет

3

«Қоссейіт ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

17

Ауылды абаттандыру және көгалдандыру 1000 шаршы метр

Аудандық бюджет

4

«Көксу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

18

Ауылды абаттандыру және көгалдандыру 1500 шаршы метр

Аудандық бюджет

5

«Ұзын ата ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

17

Ауылды абаттандыру және көгалдандыру 1000 шаршы метр

Аудандық бюджет

6

Шардара ауданы әкімдігінің «Алатау батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

18

Ауылды абаттандыру және көгалдандыру 1500 шаршы метр

Аудандық бюджет

7

«Қызылқұм ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

17

Ауылды абаттандыру және көгалдандыру 1000 шаршы метр

Аудандық бюджет

8

«Сүткент ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

17

Ауылды абаттандыру және көгалдандыру 1000 шаршы метр

Аудандық бюджет

9

«Ақщеңгелді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

18

Ауылды абаттандыру және көгалдандыру 1500 шаршы метр

Аудандық бюджет

10

«Достық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

17

Ауылды абаттандыру және көгалдандыру 1000 шаршы метр

Аудандық бюджет

11

«Жаушықұм ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

17

Ауылды абаттандыру және көгалдандыру 900 шаршы метр

Аудандық бюджет

12

Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

40

Іс-қағаздарын жүргізу-100 іс, шегірткеге және өртке қарсы күрес жұмыстары-6000 гектар жер

Аудандық бюджет

13

Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

56

Іс-қағаздарын жүргізу -100 іс, көгалдандыру- 5000 шаршы метр, ауылдық округтерді санитарлық тазалау 3500 шаршы

Аудандық бюджет

14

Шардара ауданы әкімдігінің «Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

10

Іс-қағаздарын жүргізу, мәліметтерді бағдарламаға енгізу 200 іс

Аудандық бюджет

15

«Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті Шардара ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі

60

Іс-қағаздарын жүргізу-100 іс, қоғамдық тәртіпті сақтау- 10 ауылдық округ

Аудандық бюджет

16

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі

10

Әскери қызметке шақыруға қатысты қағаздарын толтыру және тарату -2000 шақыру қағаз бланкілері

Аудандық бюджет

17

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі Комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысының (соттар) Әкімшісі» мемлекеттік мекемесі

6

Іс-қағаздарын жүргізу, мәліметтерді бағдарламаға енгізу 100 іс

Аудандық бюджет

18

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы Сот актілерін орындау департаменті» мемлекеттік мекемесінің «Шардара аумақтық бөлімі»

6

Іс-қағаздарын жүргізу, мәліметтерді бағдарламаға енгізу 100 іс

Аудандық бюджет

19

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Шардара ауданының Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі

6

Жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша іс-жүргізуге жәрдемдесу, іс-қағаздарын жүргізу-500 іс, мекеме ғимараты аумағын көгалдандыру 100 шаршы метр

Аудандық бюджет

20

«Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының «Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

7

Материалдарды топтастыруға жәрдемдесу-50 іс, ғимарат аумағын көгалдандыру және тазалау 500 шаршы метр

Аудандық бюджет

21

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық филиалы

6

Іс-қағаздарын жүргізу, мәліметтерді бағдарламаға енгізу 100 іс

Аудандық бюджет

22

«Өскен өңір» Шардара аудандық газеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

6

Іс-қағаздарын жүргізу 100 іс

Аудандық бюджет

23

«Оңтүстік Қазақстан облысының Статистика департаменті» мемлекеттік мекемесі

6

Іс-қағаздарын жүргізу, мәліметтерді бағдарламаға енгізу 100 іс

Аудандық бюджет


Барлығы

460



      Ескертпе: ақылы қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады