Елтай ауылындағы атауы жоқ көшеге атау беру туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 21 қазандағы N 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 қарашада N 3551 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына сәйкес, 2014 жылғы 03 қыркүйектегі Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде және ауыл тұрғындардың пікірін ескере отырып, Елтай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Елтай ауылындағы атауы жоқ көшеге - "Сембек Еділбаев" атауы берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Нупбаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      

Елтай ауылдық округі әкімі
С. Жанболатов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады