Қоңыршәулі ауылдық округінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қоңыршәулі ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 09 маусымдағы N 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 09 шілдеде N 3394 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қоңыршәулі ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 23 қарашадағы N 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қоңыршәулі ауылдық округі әкімінің 23.11.2015 № 10 шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы
      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2014 жылдың 07 сәуіріндегі № 126 ұсынысы негізінде Қоңыршәулі ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
      1. Қоңыршәулі ауылдық округінде мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы С. Кульмухаметовке шектеу іс-шараларынан туындайтын бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның "Үржар Вет" аға мал дәрігері А. Телгозинге сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру ұсынылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қоңыршәулі ауылдық
 
округінің әкімі
А. Жүнісов
Келісілді:
 
Қазақстан Республикасы ауыл
 
шаруашылық Министрлігі
 
ветеринариялық бақылау және
 
қадағалау комитетінің Үржар
 
аудандық аумақтық инспекциясының
 
мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық
 
инспекторы
С. Кульмухаметов
" 09 " маусым 2014 ж.
 
Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның
 
"Үржар Вет" аға мал дәрігері
А. Телгозин
" 09 " маусым 2014 жыл
 

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады