Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 19/5-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 сәуірде № 3225 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 қазандағы № 29/10-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 25.10.2018 № 29/10-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 34-1-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шемонаиха ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек берілсін.

      Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек 11088 (он бір мың сексен сегіз) теңге көлемінде беріледі.

      Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға әлеуметтік көмек Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген көлемде беріледі.

      2. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 8/7-V шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2832 болып тіркелген, "Уба-Информ" газетінде 2013 жылғы 1 ақпандағы № 5 санында жарияланды) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

А. Боровиков

Шемонаиха аудандық


мәслихатының хатшысы

Ә. Баяндинов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады