Ақжайық аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 16-2 "Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 19-9 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 мамырда № 3526 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 ақпандағы № 43-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 28.02.2020 № 43-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақжайық аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 16-2 "Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3419 тіркелген, 2014 жылғы 6 ақпандағы "Жайық таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасының:

      8 тармақтың 1) тармақшадағы:

      "жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға" деген сөздер "Ауғанстанда әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге, 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға, Чернобыль АЭС-iндегi апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға және Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9 тармақта:

      1) тармақшадағы "15 АЕК" деген сөздер "20 мың теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) облыстан тыс жерлерге емделуге мұқтаж науқастарға дәрігерлік консультативтік комиссияның қорытындысы негізінде жолға байланысты шығындарын өтеу үшін, табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;";

      6) тармақшағы "наградталған адамдарға" деген сөздерден кейін ", 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға, Ауғанстанда әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге, 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға, Чернобыль АЭС-iндегi апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға және Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдарға" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Тлепқалиев
      Мәслихат хатшысы Д. Жақсыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады