Теректі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 10-3 "Теректі ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 ақпандағы № 18-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 ақпанда № 3431 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 9-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 23.12.2016 № 9-2 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастар туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Теректі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 10-3 "Теректі ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3281 тіркелген, 2013 жылдың 17 мамырдағы "Теректі жаңалығы-Теректинская новь" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген, Теректі ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасының 5 тармағындағы "азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;" деген сөздер "азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекенжай анықтамасы, немесе өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын ауылдық әкімдердің анықтамасы;" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Т. Батыров
      Аудандық мәслихат хатшысы Ә. Нурғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады