Шыңғырлау ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 32 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 ақпанда № 3432 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 8 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 22.01.2015 № 8 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Шыңғырлау ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін.
      2. "Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      А. Халелов

2014 жылғы 13 ақпандағы № 32
аудан әкімдігінің қаулысына
қосымша

Шыңғырлау ауданы бойынша
нысаналы топтарға жататын адамдардың
қосымша тізбесі

      1. Бір жылдан астам жұмыс істемеген адамдар;
      2. 50 (елу) жастан асқан адамдар;
      3. Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бітірушілері;
      4. Алған мамандық бойынша еңбек өтілі және тәжірибесі жоқ, жұмыстан бос жастар;
      5. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша оқуды бітірген тұлғалар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады