Шыңғырлау ауданының аумағында тіркелген салық пен жер салығы ставкаларының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 30-7 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 қаңтарда № 3778 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 маусымдағы № 24-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 27.06.2018 № 24-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шыңғырлау ауданының аумағындағы айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Шыңғырлау ауданының аумағында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерлерді өңірлерге бөлу жобалары (схемалары) негізінде жер салығының ставкаларын Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодекстің 379, 381, 383-баптарында белгіленген, автотұраққа, (паркингке) автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкаларының мөлшері 50 пайызға көтерілсін.

      3. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 29-2 "Шыңғырлау ауданының аумағында тіркелген салық пен жер салығы ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" шешімі жойылсын.

      4. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Б. Уразғалиев) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Т. Қалмен
      Мәслихат хатшысы Т. Қалмен

  2014 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 30-7
Шыңғырлау аудандық
мәслихатының шешіміне
қосымша

Шыңғырлау ауданының аумағындағы айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салық ставкаларының мөлшері

 № 

Салық салу объектісінің атауы

Салық салу объектісінің бірлігі

Тіркелген салықтың ставкаларының мөлшері
(айлық есептік көрсеткіш)

1

Бiр ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

бір ойын автоматы

1

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

бір ойын автоматы

1

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

бір компьютер

1

4

Ойын жолы

бір ойын жолы

5

5

Карт

карт

2

6

Бильярд үстелі

бір бильярд үстелі

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады