Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 333 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 қыркүйекте № 12062 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 29.01.2018 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 16.04.2024 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 29.01.2018 № 37 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығы:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;

      2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына жүктелсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 16.04.2024 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
И. Тасмағамбетов
      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуроры

      1-сыныпты мемлекеттік

      әділет кеңесшісі

      ____________А. Дауылбаев

      2015 жылғы 14 тамыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитетінің төрағасы

      ________________Н. Әбіқаев

      2015 жылғы 27 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік күзет қызметінің

      бастығы генерал-майор

      ___________А. Күреңбеков

      2015 жылғы 11 тамыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      полиция генерал-полковнигі

      ______________ Қ. Қасымов

      2015 жылғы 23 маусым

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2015 жылғы 11 маусымдағы
№ 333 бұйрығымен
бекітілген

Әскери қызметшілерге ондағы қызметі жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беру құқығын беретін жергілікті жерлердің тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 15.03.2021 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Абай облысында – Абай, Аягөз, Бесқарағай, Жарма, Жаңасемей, Мақаншы, Үржар аудандарында, Семей, Курчатов қалаларында, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Бородулиха ауданында.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 16.04.2024 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1-1. Ақмола облысында – Аршалы, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Қорғалжын, Целиноград аудандарында, Степногорск қаласында, Ерейментау ауданының Сілеті ауылдық округінде, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Атбасар қаласында.

      Ескерту. Тізбе 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің 27.10.2022 № 967 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Ақтөбе облысында – Байғанин, Мұғалжар аудандарында, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Әйтеке би, Қарғалы, Мәртөк, Қобда, Хромтау, Шалқар аудандарында;

      3. Алматы облысында – Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Кеген, Райымбек, Талғар, Ұйғыр аудандарында, Алатау қаласында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Алматы қаласы Медеу ауданының Алатау кентінде, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Алматы қаласының Бостандық ауданында.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 16.04.2024 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Атырау облысында – облыстың барлық аумағында;

      5. Шығыс Қазақстан облысында – Зайсан, Қатон-Қарағай, Күршім, Марқакөл, Үлкен Нарын, Тарбағатай аудандарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Шемонаиха ауданында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Алтай, Глубоковское, Шемонаиха аудандарында, Риддер қаласында.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 16.04.2024 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Жамбыл облысында – Байзақ, Қордай, Мойынқұм, Талас, Шу аудандарында, Сарысу ауданының Жаңатас қаласында, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Жамбыл, Жуалы, Мерке, Тұрар Рысқұлов атындағы аудандарында;

      6-1. Жетісу облысында – Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандарында, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Ақсу ауданында.

      Ескерту. Тізбе 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің 27.10.2022 № 967 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Батыс Қазақстан облысында – Бөкейорда, Жаңақала аудандарында, Теректі ауданының Тайпақ ауылдық округінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Бәйтерек, Бөрілі, Жәнібек, Казталов, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарында;

      8. Қарағанды облысында – Абай, Ақтоғай, Қарқаралы, Нұра, Шет аудандарында, Балқаш, Приозерск қалаларында.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 27.10.2022 № 967 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Қостанай облысында – Арқалық қаласында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Әулиекөл, Жітіқара аудандарында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Денисов, Жітіқара, Қарабалық, Меңдіқара, Бейімбет Майлин, Ұзынкөл, Федоров аудандарында;

      10. Қызылорда облысында – облыстың барлық аумағында;

      11. Маңғыстау облысында – облыстың барлық аумағында;

      12. Павлодар облысында – Аққулы, Май аудандарында, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Железинка, Ертіс, Тереңкөл, Успенка, Шарбақты аудандарында;

      13. Солтүстік Қазақстан облысында – Айыртау ауданында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімшелері үшін – Есіл ауданында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Ақжар, Жамбыл, Қызылжар, Мағжан Жұмабаев атындағы, Мамлют, Уәлиханов аудандарында;

      14. Түркістан облысында – Сарыағаш, Созақ аудандарында, Түркістан қаласында, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – Қазығұрт, Мақтаарал, Отырар, Төле би, Шардара аудандарында.

      15. Ұлытау облысында – Жаңаарқа, Ұлытау аудандарында, Жезқазған, Қаражал қалаларында.

      Ескерту. Тізбе 15-тармақпен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің 27.10.2022 № 967 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескертпе:

      Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында және Мемлекеттік күзет қызметінде қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін жыл сайынғы демалыс ұзақтығы "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып есептеледі.

      Ескерту. Ескертпе жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 16.04.2024 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады