"Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № А-8/420 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № А-5/202 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 маусымда № 4828 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № А-7/280 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 13.06.2016 № А-7/280 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеcін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № А-8/420 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4387 болып тіркелген, "Акмолинская правда", "Арқа ажары" газеттерінде 2014 жылғы 16 қазанда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
      13-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "13. Миссиясы: жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.";
      15-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "15. Функциялары:
      1) жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральды құбыржолдарды, мұнай және газ өңдеу объектiлердi, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) мақсаттары үшін, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылғанда және қазу үшін, магистральды құбыржолдар салу (реконструкциялау) үшін жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін, "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерiн мемлекеттік қажеттілігіне, мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi облыстың жергiлiктi атқарушы органының ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
      2) мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарына және олардың тәжірибелік шаруашылықтарына, мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтарына және асыл тұқымды мал зауыттарына, ауданаралық маңызы бар уақытша пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерін беру жөніндегі және су қоры жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      3) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін, жасанды ғимараттар салу үшін беру жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;
      4) Қазақстан Республикасы Жер кодексіндегі 13-бабының 3)-тармақшасымен (бұдан әрі - Кодекс) қарастырылған жағдайларды қоспағанда, ал сондай-ақ Кодекстің 90-бабымен қарастырылған, орман қорының жерлерін қоспағанда, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге байланысты жағдайларда, барлық санаттағы жерден жер учаскелердi, соның ішінде мемлекеттік қажеттілігі үшін жер учаскелерді беру және алып қою бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      5) Кодекспен белгіленген құзыретінің шегінде жер учаскелерінің насаналы мақсатын өзгерту бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      6) жерді резервтеу жөніндегі ұсыныстар дайындау;
      7) өз құзыретінің шегінде, мемлекетпен жеке меншікке сатылатын нақты жер учаскелердің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
      8) өз құзыретінің шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
      9) жерге орналастырудың жүргізуін ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту;
      10) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және бағдарламаларын, жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      11) өз құзыретінің шегінде жердің сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
      12) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты облыстық, қалалық, аудандық бағдарламаларына, жобалары мен схемаларына сараптама өткізу;
      13) өз құзыретінің шегінде жер учаскені сатып алу-сату шарттарын және жалдау мен жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және қол қойылған шарттардың ережелерін орындау үшін бақылауды жүзеге асыру;
      14) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) деректерінің негізінде облыстың жер балансын жасау;
      15) Кодекстің 71-бабына сәйкес іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалану үшін облыстың жергілікті атқарушы органымен рұқсат беру бойынша ұсыныстар дайындау;
      16) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру бойынша ұсыныстар дайындау;
      17) Кодекстегі 50-бабының 2-тармағында көрсетілген, жер учаскелердiң шектi (ең жоғары) мөлшерлерiн, ауыл шаруашылығына арналған жер учаскелердiң шектi (ең жоғары) және ең аз мөлшерлерiн белгілеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
      18) Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы жер учаскелерін беру мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
      19) Кодекстің 69-бабына сәйкес, жария сервитуттарын белгілеу бойынша ұсыныстар дайындау;
      20) жер ресурстарын пайдалану мен қорғау бөлігінде, аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар) атқарушы органдардың қызметін үйлестіру және оларға басшылық жасау;
      21) мемлекеттік қызмет көрсету;
      22) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
      23) Кодекстің 92 және 93-баптарына сәйкес, заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп иеліктен шығарылған тұлғалар туралы орталық уәкілетті органға ақпарат ұсыну;
      24) Кодекстің 94-бабына қарасты 2-тармағының 3-бөлігіне сәйкес жер учаскесіне қатысты ауыртпалықты анықтау және тоқтату үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарын мемлекеттік тіркеуден өткізу жөніндегі өтінішті уәкілетті органға беру.".
      2. "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілетін өзгерістердің қоса ұсынылып отырған мәтіні бекітілсін.
      3. "Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі енгізілген өзгерістер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша және мерзім ішінде әділет органдарын хабарландыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсін.
      5. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақмола облысының әкімі С.Кулагин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ А-5/202 қаулысымен бекітілді

"Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне енгізілетін өзгерістердің мәтіні

      13-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "13. Миссиясы: жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.";
      15-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "15. Функциялары:
      1) жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральды құбыржолдарды, мұнай және газ өңдеу объектiлердi, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) мақсаттары үшін, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылғанда және қазу үшін, магистральды құбыржолдар салу (реконструкциялау) үшін жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін, "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерiн мемлекеттік қажеттілігіне, мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi облыстың жергiлiктi атқарушы органының ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
      2) мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарына және олардың тәжірибелік шаруашылықтарына, мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтарына және асыл тұқымды мал зауыттарына, ауданаралық маңызы бар уақытша пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерін беру жөніндегі және су қоры жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      3) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін, жасанды ғимараттар салу үшін беру жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;
      4) Қазақстан Республикасы Жер кодексіндегі 13-бабының 3)-тармақшасымен (бұдан әрі-Кодекс) қарастырылған жағдайларды қоспағанда, ал сондай-ақ Кодекстің 90-бабымен қарастырылған, орман қорының жерлерін қоспағанда, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге байланысты жағдайларда, барлық санаттағы жерден жер учаскелердi, соның ішінде мемлекеттік қажеттілігі үшін жер учаскелерді беру және алып қою бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      5) Кодексімен белгіленген құзыретінің шегінде жер учаскелерінің насаналы мақсатын өзгерту бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      6) жерді резервтеу жөніндегі ұсыныстар дайындау;
      7) өз құзыретінің шегінде, мемлекетпен жеке меншікке сатылатын нақты жер учаскелердің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
      8) өз құзыретінің шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
      9) жерге орналастырудың жүргізуін ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту;
      10) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және бағдарламаларын, жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      11) өз құзыретінің шегінде жердің сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
      12) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты облыстық, қалалық, аудандық бағдарламаларына, жобалары мен схемаларына сараптама өткізу;
      13) өз құзыретінің шегінде жер учаскені сатып алу-сату шарттарын және жалдау мен жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және қол қойылған шарттардың ережелерін орындау үшін бақылауды жүзеге асыру;
      14) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) деректерінің негізінде облыстың жер балансын жасау;
      15) Кодекстің 71-бабына сәйкес іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалану үшін облыстың жергілікті атқарушы органымен рұқсат беру бойынша ұсыныстар дайындау;
      16) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру бойынша ұсыныстар дайындау;
      17) Кодекстегі 50-бабының 2-тармағында көрсетілген, жер учаскелердiң шектi (ең жоғары) мөлшерлерiн, ауыл шаруашылығына арналған жер учаскелердiң шектi (ең жоғары) және ең аз мөлшерлерiн белгілеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
      18) Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы жер учаскелерін беру мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
      19) Кодекстің 69-бабына сәйкес, жария сервитуттарын белгілеу бойынша ұсыныстар дайындау;
      20) жер ресурстарын пайдалану мен қорғау бөлігінде, аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар) атқарушы органдардың қызметін үйлестіру және оларға басшылық жасау;
      21) мемлекеттік қызмет көрсету;
      22) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
      23) Кодекстің 92 және 93-баптарына сәйкес, заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп иеліктен шығарылған тұлғалар туралы орталық уәкілетті органға ақпарат ұсыну;
      24) Кодекстің 94-бабына қарасты 2-тармағының 3-бөлігіне сәйкес жер учаскесіне қатысты ауыртпалықты анықтау және тоқтату үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарын мемлекеттік тіркеуден өткізу жөніндегі өтінішті уәкілетті органға беру.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады