Астрахан аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 қыркүйектегі № 5С-22-2 "Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 16 шілдедегі № 5С-44-4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 3 тамызда № 4920 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 6С-4-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 18.05.2016 № 6С-4-6 (қол қойған күннен бастап күшіне енеді және ықпал етеді) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Астрахан аудандық мәслихатының "Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 10 қыркүйектегі № 5С-22-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3828 тіркелген, 2013 жылғы 18 қазанда аудандық "Маяк" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасындағы:
      8 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "8. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына беріледі:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа тұлғалардың санаттарына;
      ең төмен зейнетақыны алатын және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алатын зейнеткерлерге;
      18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
      табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбастарына);
      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын тұлғаларға (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен және адамның иммундық тапшылық вируспен);
      жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейі отбастарына (азаматтарға);
      ауылдық елді мекендерде тұратын, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге;
      Қазақстан Республикасының жоғары медициналық оқу орындарындағы оқу ақысын төлеу үшін Астрахан ауданы жалпы білім беретін мектептерінің түлектеріне тұлдыр жетімдер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, бала жасынан мүгедектер, аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балалары, балалар үйлерінің түлектері санынан Қазақстан Республикасының тиісті жоғары медициналық оқу орнындағы оқытудың күндізгі нысаны бойынша оқытудың нақты құны мөлшерінде және тиісті қаржы жылына арналған Астрахан ауданы бюджетінде осы мақсатқа көзделген қаражат шектеуінде.
      Уәкілетті орган, жоғары медициналық оқу орыны, алушылар араларында үш жақты жасалған шартқа сәйкес ақшалай төлемдерді рәсімдеуі жүргізледі.
      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған негіздер;
      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленбейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы;
      4) күнкөрісі төмен және көп балалы отбасыларына.".
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Астрахан аудандық мәслихатының
сессиясы төрағасы
Б.Ізбасаров
      Астрахан аудандық мәслихатының
хатшысы
В.Собеский

      КЕЛІСІЛДІ
      Астрахан ауданының әкімі Т.Ерсейітов

      16.07.2015

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады