Есіл ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 41/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 8 мамырда № 4785 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 2/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 14.04.2016 № 2/3 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 387, 444 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Есіл ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемесі он есеге жоғарылатылсын.
      2. Есіл ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі он есеге жоғарылатылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы Т.Жүсіпова
      Аудандық мәслихат хатшысы С.Құдабаев

      КЕЛІСІЛДІ
      Есіл ауданының әкімі А.Қалжанов

      31 наурыз 2015 жыл
      "Есіл ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
М.Смағұлов

      31 наурыз 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады