Субсидия алушылардың тізіміне енгізуге мәлімдеме берудің мерзімдерін және 2015 жылға Есіл ауданы бойынша субсидия берілетін ауылшаруашылығы дақылдарының әр түрі бойынша себудің қолайлы мерзімдерін анықтау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 маусымдағы № а-6/247 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 шілдеде № 4887 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңын орындау барысында, «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 316 ұсынысының негізінде, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Субсидия алушылардың тізіміне енгізуге мәлімдеме берудің мерзімдерін және 2015 жылға Есіл ауданы бойынша субсидия берілетін ауылшаруашылығы дақылдарының әр түрі бойынша себудің қолайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары Г.Н.Сағнаевқа жүктелсін.
      3. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, 2015 жылдың 1 мамырынан басталған құқықтық қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі                                А.Қалжанов

Есіл ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «9» маусымдағы
№ а-6/247 қаулысына  
қосымша         

Субсидия алушылардың тізіміне енгізуге мәлімдеме берудің мерзімдері және 2015 жылға Есіл ауданы бойынша субсидия берілетін ауылшаруашылығы дақылдарының әр түрі бойынша себудің қолайлы мерзімдері

Рет №

Басымдық ауылшаруашылығы дақылдарының атаулары

Ауылшаруашылығы дақылдарын себудің қолайлы мерзімдері

Субсидия алушылардың тізіміне енгізуге мәлімдеме берудің мерзімдері

1.

Жаздық жұмсақ бидай

14 мамырдан 5 маусымға дейін

6 маусымға дейін

2.

Жаздық қатты бидай

18 мамырдан 29 мамырға дейін

30 мамырға дейін

3.

Жаздық арпа

25 мамырдан 7 маусымға дейін

8 маусымға дейін

4.

Сұлы

25 мамырдан 7 маусымға дейін

8 маусымға дейін

5.

Қарақұмық

18 мамырдан 30 маусымға дейін

31 мамырға дейін

6.

Бұршақ

18 мамырдан 31 мамырға дейін

1 маусымға дейін

7.

Ноқат

7 мамырдан 25 мамырға дейін

26 мамырға дейін

8.

Майлы тұқымға арналған күнбағыс

10 мамырдан 31 мамырға дейін

1 маусымға дейін

9.

Зығыр

18 мамырдан 31 мамырға дейін

1 маусымға дейін

10.

Қыша

18 мамырдан 31 мамырға дейін

1 маусымға дейін

11.

Мақсары

7 мамырдан 25 мамырға дейін

26 мамырға дейін

12.

Соя

19 мамырдан 28 мамырға дейін

29 мамырға дейін

13.

Сүрлеуге арналған жүгері, астық пішендемесі

10 мамырдан 31 мамырға дейін

1 маусымға дейін

14.

Тұқымға арналған судан шөбі

15 мамырдан 25 мамырға дейін

26 мамырға дейін

15.

Пішенге арналған судан шөбі, астық қоспасы

17 мамырдан 10 маусыға дейін

11 маусымға дейін

16.

Азықтық тары

17 мамырдан 10 маусыға дейін

11 маусымға дейін

17.

Жасыл азыққа арналған астық қоспасы

5 мамырдан 10 маусымға дейін

11 маусымға дейін

18.

Ағымдағы жылдың көпжылдық дәнді және бұршақты шөптері

1 мамырдан 17 мамырға дейін

18 мамырға дейін

19.

Картоп

9 мамырдан 10 маусымға дейін

11 мамырға дейін

20.

Көкөністер

5 мамырдан 10 маусымға дейін

11 маусымға дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады