Жақсы ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығы мөлшерлемесін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 ақпандағы № 5ВС-35-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 наурызда № 4709 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 5ВС-46-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 15.01.2016 № 5ВС-46-5 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексінің 387 бабы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жақсы ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығы мөлшерлемесі он есе жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                            Б.Жанәділов

      Жақсы аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б.Жанәділов

      КЕЛІСІЛГЕН

      Жақсы ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы
      _____________А.Жапаров
      «19» 02 2015 жыл

      Қазақстан Республикасы Қаржы
      Министрілігі Мемлекеттік кірістер
      комитеті Ақмола облысы бойынша
      Мемлекеттік кірістер департаменті
      Жақсы ауданы бойынша мемлекеттік
      кірістер басқармасының басшысы
      ____________Т.Коваленко
      «19» 02 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады