Исаковка ауылы аумағында шектеулі іс-шараларды белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Зеренді ауданы Исаковка селолық округі әкімінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 мамырда № 4801 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Зеренді аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 138 ұсынысы негізінде, Исаковка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Исаковка ауылы аумағында малдардың жұқпалы құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеулі іс-шаралар белгіленсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Исаковка ауылдық
      округінің әкімі                            Қ.Сағандықова

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы
      министрлігі Ветеринариялық
      бақылау және қадағалау
      комитетінің Зеренді
      аудандық аумақтық
      инспекциясы» мемлекеттік
      мекемесінің басшысы                        К.Аманов
      «04» 05 2015 жыл

      «Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министірлігі
      Тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау комитетінің Ақмола облысы
      тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау департаментінің
      Зеренді аудандық
      тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау басқармасы» мемлекеттік
      мекемесі басшысының
      міндетін атқарушы                          О.Нұржанов
      «04» 05 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады