Ақмола облысының Шортанды ауданының Раевка селолық округі әкімінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 4 "Раевка селосының көшелерін қайта атау туралы" шешіміне өзгерту енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Шортанды ауданы Раевка ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 21 қазандағы № 7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 қарашада № 5082 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңдарына сәйкес Раевка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Раевка селолық округі әкімінің «Раевка селосының көшелерін қайта атау туралы» 2008 жылғы 11 ақпандағы № 4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-18-47 тіркелген, 2008 жылдың 29 наурызында аудандық «Вести» және «Өрлеу» газеттерінің № 13 санында жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
      кіріспе сөзбасында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» сөздері «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» сөздеріне ауыстырылсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Раевка ауылдық
      округінің әкімі                            И.Смаилов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады