2015 жылға Бурабай ауданында халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № а-1/29 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 ақпанда № 4621 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Бурабай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2015 жылға Бурабай ауданында халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) зейнеткерлік жас алдындағы жасқа жеткенге дейінгі елу жастан жоғары жастағы ер адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      2) зейнеткерлік жас алдындағы жасқа жеткенге дейінгі қырық бес жастан жоғары жастағы әйел адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      3) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (үш айдан астам);
      4) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Б. Нұрпановаға жүктелсiн.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай ауданының әкімі Т.Ташмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады