"Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 ақпандағы № 162 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы № 247 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 маусымда № 4352 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 тамыздағы № 57 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 29.08.2016 № 57 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3822 болып тіркелген, 2014 жылдың 27 наурызында аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 ақпандағы № 162 шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 1 тармақтың он бірінші абзацында:
      "денсаулық сақтау мекемесінің" сөздері "шаруашылық жүргізу құқығындағы "Хромтау орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қоммуналдық кәсіпорнының" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихат
      сессия төрайымы хатшысы
      Е.Юшкевич Д.Молдашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады