"Алматы облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 43-250 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 29 сәуірде № 3151 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2016 жылғы 15 шілдедегі № 7-43 шешімі

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облыстық мәслихатының 15.07.2016 № 7-43 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына, "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының 65-тармағына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      "Алматы облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі - Ереже) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
       Алматы облыстық мәслихаты аппаратының басшысы Құрманбаев Ерлан Бақытжанұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және облыстық мәслихаттың интернет ресурсында жариялау жүктелсін.
       Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Қ. Дөнсебаев
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Е. Келемсеиіт

  Алматы облыстық мәслихатының 2015 жылғы "27" наурыздағы "Алматы облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 43-250 шешімімен бекітілген қосымша

"Алматы облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Алматы облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Алматы облыстық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Алматы облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Алматы облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мәслихат аппараты) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Мәслихат аппараты ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Мәслихат аппараты егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Алматы облыстық мәслихаты хатшысының өкімдерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, № 38.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Алматы облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мәслихат аппаратының миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Мәслихат аппаратының миссиясы: Алматы облыстық мәслихатының тиімді қызметін қамтамасыз ету.
      15. Міндеттері: Алматы облыстық мәслихатының ұйымдастырушылық және сессиялық қызметін қамтамасыз ету.
      16. Функциялары:
      1) облыстық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметiн ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету;
      2) облыстық мәслихаттың қарауына енгізілген нормативтік құқықтық актілердің және өзге де шешімдер жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келуін қадағалау, облыстық мәслихатпен қабылданған нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу;
      3) облыстық мәслихаттың қызметін қамтамасыз ету шығындарын айқындау, іс-сапар шығындарын өтеу, депутаттарды қажетті кеңсе құралдарымен және депутаттық қызметті атқару үшін өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;
      4) облыстық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, облыстық мәслихатпен қабылданған нормативтік құқықтық актілерді жариялау;
      5) түскен ақпаратты, атқарушы органдар басшыларының есептерін жинақтау, талдау, талдау материалдарын әзірлеу;
      6) облыстық мәслихаттың ресми веб-сайтында облыстық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметі туралы ақпаратты орналастыру;
      7) облыстық мәслихат аппараты қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылатылуын және қайта даярлануын қамтамасыз ету;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен мәслихат аппаратына жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан жоспарланып отырған облыстық мәслихаттың сессияларының және тұрақты (уақытша) комиссиялардың отырыстырының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ақпаратты сұрау;
      2) депутаттық сауалдардың және депутаттық ұсыныстардың мерзімінде қаралуын және орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдарға және мекемелерге сұраулар жолдау;
      3) облыстық мәслихатқа жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралу мерзімдеріне және нәтижесіне бақылау жасау;
      4) облыстық мәслихаттың сессияларының және тұрақты комиссиялардың отырыстарының хаттамаларының жүргізілуін қамтамасыз ету;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастыру

      18. Мәслихат аппаратына басшылықты мәслихат аппаратына жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын облыстық мәслихаттың хатшысы жүзеге асырады.
      19. Облыстық мәслихаттың хатшысын мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады.
      20. Облыстық мәслихат хатшысының орынбасарлары болмайды.
      21. Облыстық мәслихат хатшысының өкілеттігі
      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
      2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
      3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
      4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
      6) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
      7) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
      8) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
      9) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;
      10) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
      11) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;
      12) мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды.
      13) облыстық мәслихаттың қарауына облыстың тексеру комиссиясының төрағасы қызметіне тағайындауға кандидатураларды, сондай-ақ оны қызметтен босату туралы ұсыныс енгізеді.
       Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады
      22. Мәслихат аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке сайланатын және қызметтен босатылатын облыстық мәслихаттың хатшысы басқарады.

4. Мәслихат аппаратының мүлкi

      23. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
      Мәслихат аппаратының мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. Мәслихат аппаратына бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мәслихаттың аппараты, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мәслихат аппаратының қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады