Ескелді ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 қыркүйектегі № 57-312 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 28 қазанда № 3506 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 64-361 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Ескелді аудандық мәслихатының 29.02.2016 № 64-361 шешімімен.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылдың 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабының 1-1 тармағына, 444-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылдың 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ескелді ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері бес есеге жоғарылатылсын.
      2. "Ескелді ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Н. Нұрлыбаев) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихатының интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Жер мәселелері, ауыл шаруашылығы және табиғатты қорғау жұмыстарын қамтитын" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Қ. Досанов
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы Қ. Тастанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады