Шонжы селолық округі әкімінің 2012 жылғы 27 шілдедегі "Шонжы селосының жаңа көшелеріне ат қою туралы" № 7-123 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 2-39 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 27 наурызда № 3112 болып тіркелді

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес, Шонжы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шонжы селолық округі әкімінің 2012 жылғы 27 шілдедегі "Шонжы селосының жаңа көшелеріне ат қою туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылдың 9 тамызында № 2-19-138 тіркелген аудандық "Іле өңірі-Или тәвәси" газетінде 2012 жылы 7 қыркүйегінде № 34 жарияланған) № 7-123 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      осы шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын: "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Шонжы селолық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, Шонжы селолық округінің әкімі осы шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынш а "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округ әкімінің орынбасары Тиирменов Алмат Қанатұлына жүктелсін.
      3. Осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және аудандық әкімдіктің интернет-ресурсында жариялау Шонжы ауылдық округі әкімінің орынбасары Тиирменов Алмат Қанатұлына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А.Османов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады