"Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" Жамбыл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 14 желтоқсандағы №47-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 44-10 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 2773 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 шілдедегі № 28-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 19.07.2018 № 28-5 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қоланысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Салық және бюджетіне төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 10 желтоқсандағы Кодексінің 422 бабына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" Жамбыл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 4 желтоқсанындағы № 47-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-3-134 болып тіркелген, 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 5 (аудандық "Шұғыла-Радуга" газетіне жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: мазмұны және бүкіл мәтіні бойынша "ставкаларын", "ставкалары", "ставкаларының" деген сөздері тиісінше "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері", "мөлшерлемелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенсоң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл аудандық мәслихат Жамбыл аудандық
      сессиясының төрағасы: мәслихат хатшысы:
      А. Несіпбеков Р. Бегалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады