Көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 1 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 ақпанда № 2533 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақтық халқының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақтөбе ауылдық округіндегі Бәйтерек ауылына қарасты төмендегі көшелерінің атаулары өзгертілсін :
      Набережная көшесі – Ақбастау;
      Юбилейная көшесі – Шұғыла;
      Молодежная көшесі – Алатау;
      Трудовая көшесі – Еңбекші;
      40 лет Октября көшесі – Алаш;
      Парковая көшесі – Ынтымақ;
      1-Совхозная көшесі – Ақсуат;
      Туркво көшесі – Көлсай;
      Мельничная көшесі – Теректі;
      Первомайская көшесі – Сұлукөл;
      2-Совхозная көшесі – Шеп.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтөбе ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы К. Хайралаповқа жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе ауылдық округінің әкімі А. Заппаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады