Меркі ауылдық округінің Меркі ауылындағы жаңа көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі ауданы Меркі ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 27 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 наурызда № 2547 болып тіркелді

       РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиісті елді мекен халқының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Меркі ауылдық округі Меркі ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      Жаңа 1 көшесіне – Алатау атауы:
      Жаңа 2 көшесіне – Шаңырақ атауы:
      Жаңа 3 көшесіне-Самал атауы.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Меркі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Н. Шакаровқа жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Меркі ауылдық округінің әкімі Е. Қосуақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады