Жамбыл ауылдық округінің Плодовоягодный ауылының көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 17 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 наурызда № 2565 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жамбыл ауылдық округіндегі Плодовоягодный ауылының төмендегі көшелерінің атаулары өзгертілсін:
      Ленин көшесі-Астана:
      Дружба көшесі-Достық:
      Хутор көшесі-Таугүлі:
      Ягодный көшесі-Қарақат.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-заңгері Н. Нарікбаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Жамбыл ауылдық
      округінің әкімі

М. Кокрекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады