"Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" Мойынқұм аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 31-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 32-6 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 сәуірде № 2638 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 наурыздағы № 23-5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 14.03.2018 № 23-5 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" Мойынқұм аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 31-7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2466 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 ақпандағы №16 (6009) аудандық "Мойынқұм таңы" газетіне жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      мазмұны және бүкіл мәтіні бойынша "ставкаларын", "ставкалары", "ставкаларының" деген сөздері тиісінше "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері", "мөлшерлемелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының аумақтың экономикалық дамуы, бюджет және жергілікті салықтар, өнеркәсіп салаларын, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік салаларын дамыту, аумақтық құрылыс, жер учаскесін сатып алу туралы жобаларын қарау, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат сессиясының Аудандық мәслихат
      төрағасы хатшысы
      Б. Исабеков Ш. Исабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады