Т.Рысқұлов ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшермелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы мәслихатының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 37-9 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 желтоқсанда № 2854 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының 2019 жылғы 30 қазандағы № 47-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық мәслихатының 30.10.2019 № 47-5 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387-бабының 1-1 тармағына және 444 бабының 1 тармағына сәйкес Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Т.Рысқұлов ауданында, Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
      Т.Рысқұлов ауданында, Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшермелері он есеге жоғарылатылсын.
      Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет және өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Ш. Мырзалиев
Аудандық мәслихатхатшысыБ. Шамаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады